Емтихан алдында эмоционалды қысымды төмендету
Дамудың және өмірдің ең жаман тежегіші – бұл қателіктерден қорқу, яғни жаман бағаны алуға қорқыныш т.с.с. Қателіктер арқылы біз үйренеміз. Олар бірін-бірі басады. Екі рет қателісуге болады, бірақ 3-ші рет болмайды.
Сабақта жауап беруге қорықсаң - әрбір қолайлы жағдайда жауап беруге тырыс. Емтиханнан қорықсаң – оны қай жерде тапсыруға болатын жағдайды ізде. Тест тапсырудан қорықсаң – пробный тест тапсыр. Қорқынышқа қарсы жүр. Неден қорқасың, соны істеуге тырыс, көп нәрсені істе, бірнеше рет жаса деген ережі ұстан.
Емтихан алдында
-Емтихан алдындағы кеште далаға шығып, жарты сағаттай серуендеңіз, үйге келіп ұйықтар алдында суға түсіңіз. Жақсы ұйықтауға тырысыңыз;
- Емтихан тапсыратын жерге басталғанға дейін 20 минуттай ерте келіңіз, кешігіп қалмаңыз;
- Аудиторияға «Барлығы жақсы болады» деген сеніммен кір;
Емтиханды жақсы тапсыруға үш жағдай әсер етеді:
1 — Жақсы дайындық
2 — Емтиханды тапсыру барысындағы мидың табысты жұмысы
3 — Емтиханды тапсыру техникасы
Жақсы дайындалып, орташа тапсыруға болады, онша емес дайындалып, өте жақсы тапсыруға болады. Бұл сәттілік қана емес, емтихан тапсыру барысындағы мидың жай-күйі. Емтиханға тынығып келу керексіз. Егер материалды соңғы секундқа дейін қайталасам, көп білемін деп ойласаңыз – қателесесіз!
Емтихан күндерінде ағзаңыз бен миыңыз ең жақсы күйде болу үшін не істеу керек?
1 — Емтиханға бір күн қалғанда зияткерлі жұмыспен айналыспаңыз. Таза ауада дем алыңыз. Кешке кино, бірақ тек комедия көруге рұқсат! Дау-жанжалдан аулақ болыңыз. Бұл кедергі етеді.
2 — Емтихан алдында, түнде, конспект көруге бір сағатыңызды арнаңыз. Дұрыс білмеймін деген негізгі пунктерді қараңыз.
3 — Емтихан күні ұйқыңыз қанып тұруы керек. Емтиханға ерте келмеңіз, 15 минут жеткілікті. Әйтпесе, көп толқып қоясыз.
4 — Бірінші болып тапсырыңыз. Емтиханды көп күту, психологиялық түрде жалықтырады.
5 — Емтиханға бара жатып, өзіңізбен бірге конспектіңізді алуға ұмытпаңыз. Көшіріп жазу үшін емес, өзіңізді қорғалғандай сезіну үшін.